Қымбат көлік пен элиталық үй: Бұрынғы вице-министр Тоқтабаев ұсталды

Тимур Тоқтабаев пен туыстарының элиталық жеке үйлері мен жер учаскелері бар екені анықталды


09/11/2022
12:15 25746 0

Бұрынғы индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен. 

 

Бас прокуратура мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген тексеру барысында индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің лауазымды өкілдері кен орындарын кәсіпкерлерге заңсыз бергені анықталған. 

 

– Министрліктің лауазымды өкілдері барлау жұмыстарын сылтау етіп, жеке кәсіпкерлердің мүддесіне жұмыс істеген. Кен орындарын аукционсыз, заңсыз берген. Ол жерлерде қазба байлықтың мөлшері анықталған. Нәтижесінде лауазымды тұлғалармен сыбайлас кәсіпкерлер қазба байлықты өндіруге дайын кен орнын иемденген, – делінген Жемқорлыққа қжарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәлімдемеде. 

 

Тексеру барысында Тимур Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8 қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды.

 

Тимур Тоқтабаев вице-министр қызметінен 2019 жылдың желтоқсан айында кеткен. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/11/2022 12:15
25746 0

Уведомление